Nokia Lumia 520 - Құрылғы күтімі

background image

Құрылғы күтімі

Құрылғыны, батареяны, зарядтағышты және көмекші құралдарды ұқыптап ұстаңыз. Төмендегі ұсыныстар құрылғыны

жұмысқа жарамды күйде сақтауға көмектеседі.

Құрылғыға су тигізбеңіз. Жауын-шашынның, ылғалдың және сұйықтардың құрамында электрондық тізбектердің тот

басуына себепші болатын минералдар болуы мүмкін. Құрылғы суланып қалса, батареяны шығарып алып, құрылғыны

кептіріңіз.

Құрылғыны шаң немесе лас жерлерде пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.

Құрылғыны жоғары температурада сақтамаңыз. Жоғары температура құрылғыны немесе батареяны зақымдауы

мүмкін.

Құрылғыны суық температурада сақтамаңыз. Құрылығы қалыпты температураға дейін жылығанда құрылғы іші

ылғалданып, зақымданады.

Құрылғыны пайдаланушы нұсқаулығында нұсқау берілгеннен әрі қарай ашпаңыз.

Рұқсат берілмеген өзгерістер құрылғыны зақымдап, радио құрылғыларды реттейтін ережелерді бұзуы мүмкін.

Құрылғыны лақтырушы, соғушы немесе шайқаушы болмаңыз. Қатты ұстау оны сындыруы мүмкін.

Құрылғының бетін тазалау үшін тек жұмсақ, таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.

Құрылғыны боямаңыз. Бояу дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасайды.

Оңтайлы жұмыс істеуі үшін мезгіл-мезгіл құрылғыны өшіріп, батареяны алып тұрыңыз.

Құрылғыны магниттерден немесе магнитті өрістерден аулақ ұстаңыз.

Маңызды деректерді қауіпсіз сақтау үшін, оны құрылғы, жад картасы немесе компьютер сияқты кемінде екі бөлек

жерде сақтаңыз немесе маңызды ақпаратты қағазға жазып қойыңыз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

110

background image

Ұзақ жұмыс істеген кезде, құрылғы қызуы мүмкін. Көп жағдайда, бұл қалыпты жағдай болып табылады. Шамадас тыс қызып

кетуді болдырмау үшін құрылғы автоматты түрде баяулауы, қолданбаларды жабуы, зарядтауды өшіруі және қажет болса,

өзін өшіруі мүмкін. Егер құрылғы дұрыс жұмыс істемесе, жақын маңдағы қызмет көрсету орталығына апарыңыз.
Қайта пайдалану

Пайдаланылған электрондық өнімдерді, батареяларды және қаптама материалдарды міндетті түрде арнаулы жинау

орнына өткізіңіз. Осылайша сіз қалдықтың қараусыз тасталуына жол бермей, материалдардың қайта пайдаланылуына

көмектесесіз. Құрылғының барлық материалдарын материал немесе қуат ретінде қалпына келтіруге болады. Nokia

өнімдерін қайта өңдеу жолын www.nokia.com/recycle торабынан қараңыз.
Үсті сызылған дөңгелегі бар себет белгісі

Бұйымдағы үсті сызылған дөңгелекті кәрзеңке белгісі, нұсқаулық немесе орауыш барлық электр және электрондық өнімдер

мен батареялардың жұмыс мерзімі біткеннен кейін бөлек жиналуы керек екенін есіңізге салады. Бұл бұйымдарды

сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз: оларды қайта өңдеуге апарыңыз. Ең жақын қайта өңдеу орны туралы ақпарат

алу үшін жергілікті билік органына хабарласыңыз немесе www.nokia.com/support бетіне өтіңіз. Құрылғының экологиялық

параметрлері туралы қосымша ақпаратты www.nokia.com/ecoprofile торабынан қараңыз.