Nokia Lumia 520 - Батарея мен зарядтағыш қауіпсіздігі

background image

Батарея мен зарядтағыш қауіпсіздігі

Батареяны шешіп аларда әрқашан құрылғыны өшіріп, зарядтағышты ажыратыңыз. Зарядтағышты немесе көмекші құралды

ток көзінен ажырату үшін, сымнан емес, штепсельдік ұштың өзін ұстап тартыңыз.
Зарядтағыш пайдаланылмаған кезде, оны ток көзінен ажыратыңыз. Егер пайдаланусыз қалса, зарядталған батарея уақыт

өтісімен өзінің зарядын жоғалтады.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

111

background image

Батареяны әрдайым 15°C пен 25°C (59°F пен 77°F) температура аралығында сақтаңыз. Шамадан тыс температура

батареяның сыйымдылығын азайтып, қызмет мерзімін қысқартады. Батареясы ысып кеткен немесе суынған құрылғы

уақытша жұмыс істемей қалуы мүмкін.
Батареяның темір түйіспелеріне темір зат тиген жағдайда, токтың кездейсоқ тұйықталуы орын алуы мүмкін. Бұл батареяны

немесе басқа затты бұзуы мүмкін.
Батареяларды отқа тастамаңыз, себебі олардың жарылуы мүмкін. Жергілікті ережелердің талаптарын сақтаңыз. Мүмкін

болған жағдайда қайта өңдеуге жіберіңіз. Тұрмыстық қалдық түрінде қоқысқа тастамаңыз.
Батареяларды бөлшектемеңіз, кеспеңіз, жаншымаңыз, майыстырмаңыз, теспеңіз немесе басқа жолдармен зақымдамаңыз.

Батареядан сұйықтық ақса, сұйықтығын теріге немесе көзге тигізіп алмаңыз. Осындай жағдай орын алса, тиген жерді бірден

сумен жуыңыз немесе медициналық көмек алыңыз. Батареяның түрін өзгертпеңіз, ішіне басқа заттар салуға әрекеттенбеңіз

немесе оны суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз немесе олардың әсеріне ұшыратпаңыз. Батареялар бүлінгенде

жарылуы мүмкін.
Батарея мен зарядтағышты тек олардың арнаулы мақсаттарына сай пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген немесе үйлесімсіз

батареяларды немесе зарядтағыштарды пайдалану немесе оларды дұрыс пайдаланбау өрт, жарылыс қаупін немесе басқа

қауіп төндіруі және кез келген рұқсатты немесе кепілдікті күшінен айыруы мүмкін. Егер батарея немесе зарядтағыш бүлінген

деп ойласаңыз, оны пайдаланар алдында қызмет көрсету орталығына алып барыңыз. Зақымдалған батареяны немесе

зарядтағышты ешқашан пайдаланбаңыз. Зарядтағышты тек жабық жай ішінде пайдаланыңыз.