Nokia Lumia 520 - Қауіпсіздік

background image

Қауіпсіздік

Мына жай нұсқауларды оқыңыз. Бұларды қадағаламау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін.

ПАЙДАЛАНУ ШЕКТЕЛГЕН ЖЕРЛЕРДЕ ҚҰРЫЛҒЫНЫ ӨШІРІП ҚОЙЫҢЫЗ
Мобильді телефонды қолдануға рұқсат берілмегенде немесе ол кедергі мен қауіп-қатер

тудырған жағдайда (мысалы, ұшақта, емханаларда немесе медициналық жабдықтың,

жанармайдың, химиялық заттардың немесе жарылысқа жақын жерлерде), құрылғыны өшіріңіз.

Тыйым салынған жерлердегі нұсқаулардың барлығын орындаңыз.

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ БІРІНШІ ОРЫНДАУ БОЛУЫ ТИІС
Жергілікті жердің барлық талаптарын орындаңыз. Әрқашан көлік жүргізу кезінде

қолыңызды бос ұстаңыз. Көлік жүргізу кезіндегі бірінші ескеретініңіз жол қауіпсіздігі

болуы тиіс.

КЕДЕРГІЛЕР
Барлық сымсыз құрылғылардың жұмысының орындалуына кедергілер әсер етуі мүмкін.
МАМАНДЫРЫЛҒАН ҚЫЗМЕТ
Бұл құрылғыны тек маманданған қызметкерлер ғана орнатуы немесе жөндеуі тиіс.
БАТАРЕЯЛАР, ЗАРЯДТАҒЫШТАР ЖӘНЕ БАСҚА ҚОСАЛҚЫ ҚҰРАЛДАР

Тек Nokia корпорациясы осы құрылғымен пайдалануға рұқсат еткен батареяларды,

зарядтағыштарды және басқа көмекші құралдарды пайдаланыңыз. IEC/EN 62684

стандартына сәйкес келетін және құрылғының шағын USB ұясына қосылатын үшінші тараптың

зарядтағыштары үйлесімді болуы мүмкін. Сәйкес келмейтін өнімдерге жалғамаңыз.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚҰРҒАҚ САҚТАҢЫЗ
Сіздің құрылғыңыз суға төзімсіз. Мұны құрғақ күйде сақтаңыз.
ӘЙНЕК БӨЛШЕКТЕР
Құрылғының экраны әйнектен жасалған. Егер құрылғы қатты жерге түсіп кетсе немесе

қатты соққы тисе, бұл әйнектің сынып кетуі мүмкін. Егер әйнек сынса, құрылғының әйнек

бөлшектеріне тиіспеңіз немесе сынған әйнектерді құрылғыдан алушы болмаңыз. Әйнекті білікті

маман ауыстырмайынша, құрылғыны пайдалануды тоқтатыңыз.

ҚҰЛАҒЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ
Ықтимал есту зақымын болдырмау үшін жоғары дыбыс деңгейінде ұзақ уақыт бойы

тыңдамаңыз. Динамик қосылып тұрған кезде құрылғыны құлағыңызға жақын ұстағанда

абайлаңыз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

5