Nokia Lumia 520 - Bluetooth арқылы мазмұн жіберу

background image

Bluetooth арқылы мазмұн жіберу
Мазмұнды немесе түсірген фотосуретті досыңызбен бөліскіңіз келе ме? Bluetooth құрылғысын

фотосуреттерді немесе басқа мазмұнды үйлесімді құрылғыларға немесе компьютерге сымсыз

жіберу үшін пайдалануға болады.
Бір уақытта бірнеше Bluetooth байланысын пайдалануға болады. Мысалы, Bluetooth шағын

гарнитурасын пайдаланып отырғанда заттарды әлі де екінші құрылғыға жіберуге болады.
1. Bluetooth қосулы екенін тексеріңіз.

2. Жіберілетін мазмұнды түртіп, ұстап тұрыңыз да, ортақ пайдалану... > Bluetooth опциясын

түртіңіз.

3. Қосылатын құрылғыны түртіңіз. Ауқым ішіндегі Bluetooth құрылғыларын көруге болады.

4. Егер екінші құрылғыға рұқсат коды қажет болса, рұқсат кодын теріңіз. Жасалған рұқсат коды

екі құрылғыда да енгізілуі тиіс. Кейбір құрылғыларда рұқсат коды тұрақты болады. Толығырақ

мәлімет алу үшін, екінші құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Рұқсат коды тек бір нәрсеге алғаш рет қосылғанда пайдаланылады.