Nokia Lumia 520 - Телефонды автоматты түрде құлыптанатын етіп орнату

background image

Телефонды автоматты түрде құлыптанатын етіп орнату
Телефоныңызды рұқсатсыз пайдаланудан сақтағыңыз келе ме? Қауіпсіздік кодын белгілеп,

телефонды пайдаланбаған кезде автоматты түрде құлыптанатын етіп орнатыңыз.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > құлып экран опциясын

түртіңіз.

2. құпиясөз параметрін Қосу

күйіне ауыстырып, қауіпсіздік кодын (кемінде 4 сан) теріңіз.

3. Құпия сөзді осыдан кейін талап ету опциясын түртіңіз де, телефон автоматты түрде

құлыптанатын мерзімді белгілеңіз.
Қауіпсіздік кодын құпия әрі телефоннан бөлек сенімді жерде сақтаңыз. Қауіпсіздік кодын ұмытып

қалсаңыз, оны қалпына келтіру мүмкін болмайды, сондай-ақ қате кодты тым көп енгізсеңіз,

телефоныңызды жөндеу қажет болады. Қосымша ақы алынуы және телефондағы жеке деректер

жойылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін, Nokiа Care орталығына немесе телефон дилеріне

хабарласыңыз.
Телефонның құлпын ашу

Қуат пернесін басып, құлыптау экранын жоғары қарай сүйреңіз де, қауіпсіздік кодын теріңіз.