Nokia Lumia 520 - Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту

background image

Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
Компьютердің қажеті жоқ — жаңа мүмкіндіктермен және жақсартылған өнімділікпен телефонның

бағдарламалық құралын сымсыз жаңартыңыз.
Жаңартуды бастамас бұрын, телефон батареясының заряды жеткілікті екенін тексеріңіз.
Қызметті қолдану немесе мазмұнды жүктеп алу үлкен мөлшерде деректердің тасымалдануына

апаруы мүмкін. Бұның нәтижесінде дерек трафигі үшін ақы алынуы мүмкін.
Әдепкіде, телефон деректер байланысы параметрлері, мысалы роуминг, мүмкіндік бергенде қол

жетімді жаңартуларды автоматты түрде жүктеп алады. Телефон жаңарту қол жетімді болғанын

ескерткенде, телефонда көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.

Кеңес: Қолданба жаңартулары бар-жоғын Дүкен ішінен тексеріңіз.

Автоматты түрде жаңартуды жүктеп алудан ажырату

Роуминг кезінде деректер шығынын бақылап отырғыңыз келсе, жаңартуды автоматты түрде

жүктеп алуды ажыратуға болады. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де,

Параметрлер > телефонды жаңарту > Data Sense параметрлері рұқсат берген кезде

жаңартуларды автоматты түрде жүктеу белгісін алып тастаңыз.