Nokia Lumia 520 - Nokia Музыка қызметінен музыка жүктеп алу

background image

Nokia Музыка қызметінен музыка жүктеп алу
Әрқашан ритмде болып, таңдаулы музыканы Nokia Музыка қызметінен жүктеп алыңыз.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Nokia Музыка опциясын түртіңіз.

2. Жүктеп алынатын әнді немесе альбомды шолыңыз.

3. Әннің немесе альбомның бағасын түртіңіз. Кейбір әндерді тек альбомның бөлігі ретінде жүктеп

алуға болады.

4. Сұралса, Nokia есептік жазбасына кіріңіз.

5. Төлем әдісін таңдаңыз.
Әндер телефонға сақталып, музыка жинағына автоматты түрде қосылады.

Кеңес: Қол жетімді жерде, музыканы Nokia Музыка қызметінен жүктеп алу үшін Wi-Fi

байланысын пайдаланыңыз. Интернетке қосылу жолы бойынша қосымша нұсқауларды

телефонның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

Музыканы немесе басқа мазмұнды жүктеп және ағынмен алғанда қызмет провайдеріңіздің желісі

арқылы үлкен мөлшерде деректер тасымалдануы мүмкін. Деректер тасымалдау ақысы туралы

қосымша ақпарат алу үшін, желі провайдеріне хабарласыңыз.
Әндерге қатысты барлық зияткерлік меншік және басқа құқықтар тиісті жазба белгісі немесе

орындаушы, автор, композитор немесе жариялаушы сияқты үшінші тарап лицензиарларының

меншігінде және тікелей соларға тиесілі. Nokia Музыка қызметінен жүктеп немесе ағынмен

алынған музыканы тек Nokia Музыка қызметінің өнім беттеріндегі «Құқықтар» бөлімінде берілген

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

87

background image

бергілі бір музыка үзіндісіне қатысты пайдалану шектеулеріне сәйкес пайдалануға құқығыңыз

бар. Басқа көздерден сатып алынған музыка сол сатып алудың шарттарына сәйкес пайдаланылу

керек. Музыканың тиісті зияткерлік меншік және басқа құқықтарына сәйкес пайдаланылуына

өзіңіз жауапты боласыз.