Nokia Lumia 520 - SkyDrive

background image

SkyDrive

Заттарыңызды бұлттарда сақтаңыз. Таңдаулыларыңыз немесе жаңа бағдарламаларыңыз үшін

жадты босату туралы уайымдаудың қажеті жоқ.

SkyDrive — барлық құжаттар мен фотосуреттер үшін бұлтта сақтау жады, сондықтан қажет

болған жағдайда оларға қол жеткізуге, оларды бөлісуге немесе қалпына келтіруге болады.

Сондай-ақ, оны заттарыңыздың автоматты түрде сақтық көшірмесін жасайтын етіп орнатуға

болады, сонда фотосурет немесе бейне түсіргенде, ол бұлт альбомына көшіріледі.
SkyDrive арқылы фотосуреттерді, құжаттарды және т.б. телефоннан, планшеттен немесе

компьютерден ашуға болады. Бағдарламаға байланысты, тіпті құжатта бұрын келген жеріңізден

жұмысты жалғастыруға болады.
SkyDrive қызметінде заттарыңызға қол жеткізуге болатын бірнеше жер бар. Фотосуреттерді

SkyDrive қызметіне Фотосуреттер орталығында сақтауға немесе кеңсе құжаттарыңызды Office

орталығында басқаруға болады.

Кеңес: Телефонды пайдаланып бұлтта жатқан заттарыңызы оңай басқару үшін SkyDrive

бағдарламасын Дүкен торабынан жүктеп алуға болады.