Nokia Lumia 520 - Телефоныңызбен танысу

background image

Телефоныңызбен танысу

Телефоныңызда не болып жатқанын және ненің қайда екенін біліп отыруды оңайлататын екі

негізгі көрініс бар.

Бастау экраны (1): Анимациялы динамикалық мозаикалар қабылданбаған қоңыраулар мен

қабылданған хабарларды, соңғы жаңалықтар мен ауа райы болжамдарын және т.б. көрсетеді.
Мозаикалардың ретін және өлшемін өзгертуге және контактілер, бағдарламалар, арналар,

пошта жәшіктері, веб-тораптар мен басқа да таңдаулыларды түйреп қоюға болады. Түйрелген

контактілердің жаңартулары мозаикадан көрсетіледі, сондықтан контактілердің мәліметтерін

тікелей бастау экранынан көруге болады.
Бағдарламалар мәзірі (2): бұл жерде барлық бағдарламалар рет-ретімен тізімде берілген.
Бағдарламаларыңыз көп пе? Біреуін тауып алып, опциясын түртіңіз. Егер бағдарламаларыңыз

көп болса, іздеуге көмектесу үшін тізімде әліпби әріптері көрсетіледі. Тізімдегі кез келген әріпті

түртіп, керекті бағдарламаның бірінші әрпін түртіңіз.

Кеңес: Дүкен сияқты бір бағдарламаның ішінен де іздеуге болады.