Nokia Lumia 520 - Балаларға арналған қауіпсіз қызық бастау экранын жасау

background image

Балаларға арналған қауіпсіз қызық бастау экранын жасау
Балалардың байқаусызда жұмыс поштасын жойып тастауына, онлайн сатып алулар жасауына

немесе олар жасамауы тиіс нәрселерді жасауына алаңдамай-ақ, телефондағы кейбір

бағдарламаларды балалардың пайдалануына беруге болады. Өз бастау экранын пайдалану үшін

балаларға арналған таңдалған бағдарламаларды, ойындарды және басқа таңдаулыларды

қойыңыз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

28

background image

1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер опциясын түртіңіз.

2. kid's corner бөлімі опциясын түртіңіз.

3. Балаларыңыз пайдалана алатын мазмұнды таңдаңыз. Балалар сіздің жеке бастау экранына қол

жеткізе алмас үшін құпиясөзді де орнатуға болады.

Кеңес: Балаларға қалай өз бастау экранын дербестей алатынын көрсетіңіз. Мысалы,

фондық суретті өзгерту үшін, реттеу опциясын түртіңіз. Бастау экранында қалыпты жолмен

мозаикалардың өлшемін өзгертуге немесе жылжытуға болады.
Кеңес: Балаларға бағдарламада сатып алуға мүмкіндік беру үшін, мысалы ойын

фишкаларын сатып алу үшін, Әмиян PIN кодын анықтаңыз. Әр сатып алуды жасау үшін

Әмиян PIN кодын енгізу қажет. Әмиян PIN кодын анықтау үшін бастау экранында солға қарай

жанап өтіңіз де, Әмиян >

> реттеулер+PIN опциясын түртіңіз. Кейбір сатып алулар

барлық жастағыларға қол жетімді болмауы мүмкін.

Жеке бастау экранына өту

Қуат пернесін екі рет басып, жеке құлыптау экранында жоғары жанап өтіңіз. Құпиясөз орнатқан

болсаңыз, соны теріңіз.
Балалардың бастау экранына оралу

Жеке құлыптау экранында сол жаққа қарай жанап өтіңіз де, балалар құлыптау экранында жоғары

жанап өтіңіз.
Балалардың бастау экранын ажырату

Бастау экраныңызда сол жаққа қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер опциясын түртіп, kid's

corner бөлімі параметрін Өшіру

күйіне ауыстырыңыз.