Nokia Lumia 520 - Экран пернетақтасын пайдалану

background image

Экран пернетақтасын пайдалану
Экран пернетақтасымен жазу оңай әрі қызық. Пернетақтаны телефон портрет немесе альбомдық

режимде ұсталып тұрғанда пайдалануға болады.
Мәтін ұясын түртіңіз.
1

Таңба пернелері

2

Shift пернесі

3

Сандар мен таңбалар пернесі

4

Тіл пернесі

5

Смайл пернесі

6

Бос орын пернесі

7

Enter пернесі

8

Backspace пернесі

Пернетақта орналасуы әртүрлі

бағдарламалар мен тілдерде әртүрлі болуы

мүмкін. Тіл пернесі тек бірнеше тіл

таңдалғанда көрсетіледі. Мысалда ағылшын

тіліндегі пернетақта көрсетілген.
Бас және кіші әріптер арасында ауысу

Shift пернесін түртіңіз. Caps lock режимін қосу үшін, пернені екі рет түртіңіз. Қалыпты режимге

оралу үшін, shift пернесін қайтадан түртіңіз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

34

background image

Сан немесе арнайы таңба енгізу

Сандар мен sym пернесін түртіңіз. Көбірек арнайы таңба пернелерін көру үшін, shift пернесін

түртіңіз. Кейбір арнайы таңба пернелері көп белгілер береді. Көбірек белгілерді көру үшін белгіні

немесе арнайы таңбаны түртіп, ұстап тұрыңыз.

Кеңес: Сөйлемнің соңына нүкте қойып, жаңа сөйлем бастау үшін, бос орын пернесін екі рет

түртіңіз.
Кеңес: Сандар мен sym пернелерін басып тұрып, санды немесе арнайы таңбаны жылдам

теру үшін саусағыңызды таңбаға сырғытып, саусағыңызды көтеріңіз.

Мәтінді көшіру немесе қою

Бір сөзді түртіп, көшірілетін бөлімді ерекшелеу үшін сөздің алдындағы немесе одан кейінгі

шеңберді сүйреңіз де, опциясын түртіңіз. Мәтінді қою үшін, опциясын түртіңіз.
Таңбаға екпін қосу

Таңбаны түртіп, ұстап тұрыңыз да, екпінді таңбаны түртіңіз.
Таңбаны жою

Backspace пернесін түртіңіз.
Жазу тілдерінің арасында ауысу

Керекті тіл көрсетілгенше тіл пернесін қайталап түрте беріңіз. Тіл пернесі тек бірнеше тіл

таңдалғанда көрсетіледі.
Меңзерді жылжыту

Мәтінді түртіп, курсорды көргенше ұстап тұрыңыз. Саусағыңызды көтерместен, меңзерді керекті

жерге сүйреп апарыңыз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

35