Nokia Lumia 520 - Пернетақтаның сөз ұсыныстарын пайдалану

background image

Пернетақтаның сөз ұсыныстарын пайдалану
Жазып жатқанда, телефоныңыз жылдам әрі дәлірек жазу көмегі ретінде сөздер ұсынады. Сөз

ұсыныстары бірнеше тілде қол жетімді.
Сөзді теріп бастағанда, телефоныңыз ықтимал сөздерді ұсынады. Қажетті сөз ұсыныс жолында

көрсетілгенде сөзді таңдаңыз. Көбірек ұсыныстарды көру үшін, солға қарай жанап өтіңіз.

Кеңес: Ұсынылған сөз қалың қаріппен белгіленсе, телефон оны жазылған сөзді алмастыру

үшін автоматты түрде пайдаланады. Сөз қате болса, оны түртіңіз, сонда бастапқы сөзді және

бірнеше басқа ұсыныстарды көресіз.

Сөзді түзету

Егер сөзді қате жазғаныңызды байқасаңыз, оны түртіңіз, сонда сөзді түзетуге арналған

ұсыныстарды көресіз.
Сөздікке жаңа сөзді қосу

Қажет сөз сөздікте болмаса, оны түртіңіз де, ұсыныс жолындағы қосу белгісін (+) түртіңіз. Жаңа

сөздерді бірнеше рет жазғанда, телефоныңыз оларды да үйреніп алады.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

36

background image

Сөз ұсыныстарын өшіру

Бастау экранында солға қарай сипап, Параметрлер > пернетақта опциясын түртіңіз. Тіл

пернетақтасын түртіңіз де, Мәтінді ұсыну құсбелгісін алып тастаңыз.