Nokia Lumia 520 - Қолданба, ойын немесе басқа элементті жүктеп алу

background image

Қолданба, ойын немесе басқа элементті жүктеп алу
Қолданба, ойын немесе басқа элементті тегін жүктеп алыңыз немесе телефоныңыз үшін көбірек

мазмұн сатып алыңыз.
1. Дүкен опциясын түртіңіз.

2. Мәліметтерін көру үшін элементті түртіңіз.

3. Егер элементтің бағасы берілсе, сатып алу опциясын түртіңіз немесе шектеулі уақытқа

элементті тегін алуға әрекет ету үшін сынап көру опциясын түртіңіз. Элемент тегін болса, орнату

опциясын түртіңіз.
Төлем жасау әдістерінің болу-болмауы тұратын еліңізге және желілік қызмет провайдерініе

байланысты.
4. Microsoft есептік жазбасына кірмеген болсаңыз, қазір кіріңіз.

5. Телефонда көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Жүктеп алғанда, элементті ашуға немесе көруге, сондай-ақ көбірек мазмұн алу үшін ары қарай

қарауға болады. Мазмұн түрі элементтің телефонның қай жерінде сақталғанын анықтайды:

музыка, бейнелер мен подкастілерді Музыка+Бейне орталығынан, ойындарды Ойындар

орталығынан және қолданбаларды қолданбалар мәзірінен табуға болады.
Мазмұн бойынша қосымша ақпарат алу үшін, мазмұн шығарушысына хабарласыңыз.

Кеңес: Үлкен көлемді файлдарды жүктеп алу үшін Wi

‐Fi байланысын пайдаланыңыз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

43