
Жүктеп алу кезегін көру
Элементті жүктеп алып жатқанда басқа мазмұндар үшін Дүкен ішін шолуды жалғастыруға және
жүктеп алу кезегіне элементтерді қосуға болады.
1. Дүкен опциясын түртіңіз.
2. Жүктеп алу кезегін көру үшін басты көріністің төменгі жағындағы жүктеп алу ескертулерін
түртіңіз.
Ескертулер жүктеп алынып жатқан элементтер санын көрсетеді.
Бір жолда бір элемент жүктеп алынады, ал қалған элементтер жүктеп алу кезегінде тұрады.
Кеңес: Егер Интернет байланысын уақытша тоқтату қажет болса, жүктеп алынып жатқан
элементті түртіп басып тұрыңыз да, кідірту опциясын түртіңіз. Жүктеп алуды жалғастыру
үшін жалғастыру опциясын түртіңіз. Күтудегі элементтерді жеке-жеке кідіртіңіз. Жүктеп
алынбаса, элементті қайта жүктеп алуға болады.