Nokia Lumia 520 - Дүкен

background image

Дүкен

Телефоныңызды көбірек қолданбалармен дербестегіңіз келе ме? Не болмаса, ойындарды да

тегін жүктеп алу керек пе? Сіз және телефоныңыз үшін соңғы мазмұнды табу үшін Дүкен ішін

шолыңыз.

Мыналарды жүктеп алуға болады:
• Бағдарламалар;
• Ойындар
• музыка;
• бейнелер;
• подкастілер.
Бұған қоса:
• талғамыңыз бен орналасқан жеріңізге сәйкес келетін мазмұнды алуға болады;
• достарыңызбен ұсыныстарды бөлісуге болады.
Дүкен қол жетімділігі және жүктеп алуға қол жетімді элементтер таңдауы аймағыңызға

байланысты болады.
Дүкен торабынан жүктеп алу үшін телефонда Microsoft есептік жазбасына кірген болуыңыз

қажет. Кірген кезде телефоныңызбен үйлесімді мазмұн ұсынылады.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

42

background image

Іздеуге, телефонға мазмұнды тікелей жүктеп алуға немесе компьютерде Дүкен мазмұнын шолуға

және сол жерден мәтінді хабар арқылы телефонға сілтемелер жіберуге болады.
Кейбір элементтер тегін; кейбірі үшін кредит картасы немесе телефон шоты арқылы ақы төлеу

қажет. Төлем жасау әдістерінің болу-болмауы тұратын еліңізге және желілік қызмет

провайдеріне байланысты.