Nokia Lumia 520 - Деректердің роуминг шығындарын үнемдеу

background image

Деректердің роуминг шығындарын үнемдеу

Телефонға төленетін ақшаны үнемдегіңіз келе ме? Мобильді деректер параметрлерін өзгерту

арқылы деректер роумингі шығындарын азайтуға болады. Деректер роумингі — телефонмен

деректерді қызмет провайдерінің иелігінде болмаған немесе ол істетпейтін желі арқылы алу.

Роумингте, әсіресе шет елде жүргенде, Интернет байланысын орнатса, деректер үшін алынатын

ақы едәуір көтерілуі мүмкін. Желі қызметінің провайдері деректер тасымалы үшін бекітілген ақы

алуы немесе пайдаланғаныңызға қарай ақы алуы мүмкін. Оңтайлы қосылу әдісін қолдану үшін,

Wi-Fi, мобильді деректер мен хаттарды жүктеп алу параметрлерін өзгертіңіз.
Wi-Fi байланысы әдетте мобильді деректер байланысынан жылдамырақ әрі арзандау болады.

Wi-Fi байланысы да, мобильді деректер байланысы да бар болса, телефон Wi-Fi байланысын

пайдаланады.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

33

background image

Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер опциясын түртіңіз.
1. Wi-Fi опциясын түртіңіз.

2. Wi-Fi желісі параметрі Қосу

күйіне ауыстырылғанын тексеріңіз.

3. Пайдаланылатын байланысты таңдаңыз.
Мобильді деректер байланысын жабу

ұялы опциясын түртіп, Деректер байланысы параметрін өшіру күйіне ауыстырыңыз.
Деректер роумингін тоқтату

ұялы опциясын түртіп, Деректер роумингі параметрлері параметрін роумингке қосылмау

күйіне ауыстырыңыз.

Кеңес: Саяхатқа шыққанда деректер шығынын үнемдеу үшін сапарға шықпас бұрын жаңа

картаны телефонға сақтап, карталарды желіден тыс шолыңыз. Телефонда аз орын қалса,

телефоннан кейбір карталарды жоюға болады.

Хаттарды қолмен жүктеп алынатын етіп орнату

Телефонды жаңа хаттарды сиректеу немесе тіпті тек сұрау бойынша тексеретін етіп орнатыңыз.

Сізде бар әрбір пошта жәшігінде

> параметрлер > параметрлерді синхрондау опциясын

түртіп, Жаңа мазмұнды жүктеу параметрін өзгертіңіз.