Nokia Lumia 520 - Батареяның жарамдылық мерзімін ұзарту

background image

Батареяның жарамдылық мерзімін ұзарту

Телефон мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, батареяның жарамдылық мерзімін

арттырыңыз. Телефон қуатын үнемдеу үшін орындауға болатын қадамдар бар.
• Батареяны әрдайым толық зарядтаңыз.
• Пернені басқанда шығатын дыбыс сияқты қажетсіз дыбыстарды өшіріңіз.
• Дауыс зорайтқыштардың орнына сымды құлақаспаптарды пайдаланыңыз.
• Пайдаланылмай тұрған бағдарламалардың барлығын жабыңыз. Бағдарламалардың

көпшілігін жабу үшін пернесін басыңыз.

• Кейбір бағдарламалар фонда бекер қосылып тұруы мүмкін. Бастау экранында солға қарай

жанап өтіңіз де, Параметрлер опциясын түртіп, бағдарламалар күйіне ауыстырыңыз, одан

кейін фондық тапсырмалар опциясын түртіңіз. Құлыптайтын бағдарламаны және блоктау

опциясын түртіңіз.

Кеңес: Телефонды батареяның заряды азайғанда автоматты түрде қуатты үнемдейтін етіп

орнатуға болады. Батареяның күйін тексеру және батарея қуатын үнемдеу режимін қосу

үшін бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > батарея қуатын

үнемдеу опциясын түртіңіз.

Телефон батарея қуатын үнемдеу режиміне қойылғанда, барлық бағдарламалардың

параметрлерін өзгерту мүмкіндігі болмауы да ықтимал.

Кеңес: Батарея қуатын үнемдеу режимінің қосылатын уақытын таңдауға болады.

кеңейтілген опциясын түртіңіз.

Қуатты үнемдеу үшін төмендегі әрекеттерді орындауыңызға да болады:

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

32

background image

Телефон экранын қысқа уақыттан

кейін өшірілетін етіп орнату

Бастау экранында солға қарай сипап, Параметрлер >

құлып экран > Экранның өшу уақыты опциясын

түртіңіз.

Экран жарықтығын азайту

Бастау экранында солға қарай сипап, Параметрлер >

жарықтық опциясын түртіңіз. Автоматты түрде

реттеу параметрін Өшіру

күйіне ауыстырып,

керекті деңгейді таңдаңыз.

Желілік байланыстарды таңдап

пайдалану:

• Телефонды жаңа хаттарды сиректеу немесе тіпті тек

сұрау бойынша тексеретін етіп орнатыңыз. Сізде бар

әрбір пошта жәшігінде

> параметрлер >

параметрлерді синхрондау опциясын түртіп, Жаңа

мазмұнды жүктеу параметрін өзгертіңіз.

• Bluetooth мүмкіндігін тек қажет болғанда қосыңыз.
• Интернетке қосылу үшін мобильді деректер

байланысының орнына, Wi-Fi байланысын

пайдаланыңыз.

• Телефонның бар сымсыз желілерді іздеуін

тоқтатыңыз. Бастау экранында солға қарай жанап

өтіңіз де, Параметрлер > Wi-Fi опциясын түртіп,

Wi-Fi желісі параметрін Өшіру

күйіне

ауыстырыңыз.

• Телефонның ойындарға қосылуын тоқтатыңыз.

Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де,

Параметрлер опциясын түртіп, бағдарламалар

опциясына қарай жанап өтіңіз де, ойындар

опциясын түртіп, барлық қатысты параметрлерді

өшіріңіз.

• Музыка тыңдап немесе телефонды басқаша

пайдаланып жатсаңыз, алайда қоңырау шалғыңыз

немесе қабылдағыңыз келмесе, ұшақ режимі

режимін қосыңыз.