Nokia Lumia 520 - Фотосурет түсіру

background image

Фотосурет түсіру

Айқын және анық фотосуреттерді түсіріңіз – фото альбомдағы ең тамаша сәттерді түсіріңіз.
1. Камераны ашу үшін, камера пернесін басыңыз.

2. Үлкейту немесе кішірейту үшін, экранға екі саусағыңызды қойып, саусақтарыңыздың арасын

қосыңыз немесе ашыңыз.

3. Фокусқа алу үшін, камера пернесін жартылай басып тұрыңыз. Ақ төртбұрыштың жыпылықтауы

тоқтағанда фокус бекітіледі.

4. Фотосурет түсіру үшін камера пернесін толығымен төмен қарай басыңыз.
Жаңа ғана түсірген фотосуретті көру үшін оңға қарай жанап өтіңіз. Фотосуреттер Фотосуреттер

орталығындағы Камера альбомы ішінде сақталады.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

64

background image

Камера пернесін пайдаланбай фотосуретке түсіру

Қажет болса, камера параметрлеріндегі сенсорлы түсіруді қосыңыз. Бастау экранында солға

қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер опциясын түртіңіз. бағдарламалар опциясына қарай

жанап өтіңіз де, фотолар+камера > Суреттерді және бейнелерді түсіру үшін экранды түртіңіз

опциясын түртіңіз.

Белгілі бір затты немесе аймақты фокусқа алу үшін, сол заттың немесе аймақтың экрандағы

көрінісін түртіңіз. Ақ шаршы жыпылықтауын тоқтатқанша телефонды қозғалтпай ұстап тұрыңыз.