Nokia Lumia 520 - Орналасқан жер туралы ақпаратты суреттерге және бейнелерге сақтау

background image

Орналасқан жер туралы ақпаратты суреттерге және бейнелерге сақтау

Белгілі бір фотосуретті немесе бейнені түсіргенде орналасқан жеріңізді нақ білу үшін, телефонды

орналасқан жерді автоматты жазатын етіп реттеуге болады.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер опциясын түртіңіз.

2. бағдарламалар опциясына қарай жанап өтіңіз де, фотолар+камера > Түсірген суреттерге

орын туралы ақпаратты қосу опциясын түртіңіз.
Жерсеріктік немесе желілік әдістермен орналасқан жеріңізді анықтау мүмкін болса, орналасқан

жер туралы ақпаратты фотосуретке немесе бейнеге тіркеуге болады. Егер орналасқан жер

ақпараты бар фотосуретті немесе бейнені бөліссеңіз, орналасқан жер туралы ақпаратты

фотосуретті немесе бейнені көріп отырған кісілер де көре алуы мүмкін. Телефон параметрлері

арқылы геотег қосуды ажыратуыңызға болады.