
Камераға қатысты кеңестер
Төменде телефон камерасының мүмкіндіктерін толық пайдалануға көмектесетін кеңестер
берілген.
• Фотосуреттер түсіру мен бейнелер түсіру арасында ауысу үшін, немесе опциясын
түртіңіз.
• Үлкейту немесе кішірейту үшін, экранға екі саусағыңызды қойып, саусақтарыңыздың арасын
ашыңыз немесе қосыңыз.
• Кадр пішімі, көрініс режимі және ақ түс балансы сияқты камера параметрлерін өзгерту үшін
және сурет параметрлері... немесе бейне параметрлері... опциясын және қажетті
параметрді түртіңіз.
• Телефон құлыптаулы кезде камераны жылдам қосу үшін камера пернесін бірнеше секунд
бойы басып тұрыңыз.
• Егер камераны бір минут бойы пайдаланбасаңыз, ол ұйқы күйіне өтеді. Камераны қайта іске
қосу үшін, қуат пернесін басып, құлыптау экранын жоғары қарай сүйреңіз.