Nokia Lumia 520 - SIM картасын салу

background image

SIM картасын салу

SIM картасын телефоныңызға салу жолдары туралы оқыңыз.

Маңызды: Бұл құрылғы шағын UICC SIM картасымен (шағын SIM картасы деп те аталады)

пайдалануға арналған. Шағын SIM картасы стандартты SIM картасынан кішірек болады.

Үйлеспейтін SIM карталарын қолдану немесе SIM картасы адаптерлерін қолдану картаны

немесе құрылғыны зақымдап, онда сақталған деректерді бүлдіруі мүмкін.
Ескерім: Қақпақтарын шешпестен бұрын құрылғыны өшіріп, зарядтағышты және басқа да

құрылғыларды ажыратыңыз. Қабын ауыстыру кезінде электрондық құрам бөліктерді

ұстаудан абай болыңыз. Құрылғыны әрдайым қақпақтары орнына салынған күйде

қолданыңыз.

Телефонның өшірулі екенін тексеріңіз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

7

background image

1. Телефонның жоғарғы бұрышында экран жақтауы мен артқы қақпақ арасындағы байланысқан

жерге сұқ саусағыңыздың тырнағын қойыңыз. Артқы қақпақтың ортасын басып, жоғарғы ілмекті

босату үшін қақпақты бүгіңіз. Қақпақты алыңыз.

Ешқандай өткір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі олар экранды зақымдауы мүмкін.
2. Батарея салынған болса, оны көтеріп шығарып алыңыз.

3. SIM картасын толық салынғанша SIM ұясына итеріңіз. Контакт аймағының төмен қарап

тұрғанын тексеріңіз.

4. Батарея түйіспелерін туралап, батареяны орнына салыңыз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

8

background image

5. Артқы қақпақтың төменгі шетін телефонның төменгі шетіне қарай басыңыз.

6. Артқы қақпақты сырт етіп орнына түскенше басыңыз. Қақпақты тіркеу кезінде пернелерді

баспаңыз.