Nokia Lumia 520 - Жад картасын салу

background image

Жад картасын салу

Жад картасын телефонға салу жолын үйреніңіз.
Тек осы құрылғымен қолдану үшін мақұлданған жад карталарын қолданыңыз. Сәйкес келмейтін

карталар құрылғыға және картаға нұқсан келтіреді және ондағы деректерді жойып жіберуі

мүмкін.

Телефоныңыз сыйымдылығы 64 ГБ дейінгі жад карталарын қолдайды.
Телефонның өшірулі екенін тексеріңіз.
1. Телефонның жоғарғы бұрышында экран жақтауы мен артқы қақпақ арасындағы байланысқан

жерге сұқ саусағыңыздың тырнағын қойыңыз. Артқы қақпақтың ортасын басып, жоғарғы ілмекті

босату үшін қақпақты бүгіңіз. Артқы қақпақты алыңыз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

9

background image

Ешқандай өткір құралдарды пайдаланбаңыз, себебі олар экранды зақымдауы мүмкін.
2. Батарея салынған болса, оны көтеріп шығарып алыңыз.

3. Жад картасы ұясына жад картасын орнына түскенше итеріп кіргізіңіз.

4. Батарея түйіспелерін туралап, батареяны орнына салыңыз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

10

background image

5. Артқы қақпақтың төменгі шетін телефонның төменгі шетіне қарай басыңыз.

6. Артқы қақпақты сырт етіп орнына түскенше басыңыз. Қақпақты тіркеу кезінде пернелерді

баспаңыз.