Nokia Lumia 520 - Microsoft тіркелгісін жасау

background image

Microsoft тіркелгісін жасау
Өміріңізді көріктендіріңіз және телефонның артықшылықтарын пайдаланыңыз – Microsoft

тіркелгісін жасаңыз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

15

background image

Microsoft тіркелгісін жасау үшін, Интернет байланысы қажет болады. Деректер жоспарыңыз жоқ

болса, деректерді тасымалдау ақылары жылдам жиналады. Ықтимал дерек ақылары туралы

қосымша ақпаратты желілік қызмет провайдерінен алыңыз. Интернетке қосыла алмасаңыз,

тіркелгіні кейінірек жасауға болады.
1. Телефонда SIM картасы бар кезде телефонды қосыңыз.

2. Телефонды орнату үшін экранда көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.

3. Microsoft тіркелгісін жасаңыз немесе бұрыннан бар пайдаланушы атымен және кілтсөзбен

кіріңіз.

Кеңес: Кілтсөзді ұмытып қалдыңыз ба? Оны сізге поштамен немесе мәтінді хабармен

жіберуді сұрауға болады.

Бастапқы орнату барысында жедел қоңырау шалу керек болса, төтенше пернесін түртіңіз.
Microsoft тіркелгісін кейін жасау үшін, телефонда Microsoft қолданбасын немесе қызметін

ашыңыз. Не болмаса, бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > эл. пошта

+есептік жазба > есептік жазба қосу опциясын түртіңіз. Тіркелгіні Интернетте жасау үшін

www.live.com торабына өтіңіз.