Nokia Lumia 520 - Есептік жазба параметрлерін орнату

background image

Есептік жазба параметрлерін орнату
Әлеуметтік желі қызметтері есептік жазбаларының параметрлерін орнатыңыз.
1. Бастау экранында солға қарай жанап өтіңіз де, Параметрлер > эл. пошта+есептік жазба

опциясын түртіңіз.

2. есептік жазба қосу опциясын және қызмет атын түртіп, көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.

Кеңес: Есептік жазбаға кіргеніңізде, есептік жазбадағы контактілер автоматты түрде

импортталады.

Әлеуметтік желі қызметтері үшінші тарап ұсынатын қызметтер болып табылады және оларды

Nokia компаниясы қамтамасыз етпейді. Өзіңіз пайдаланатын әлеуметтік желі қызметінің

құпиялық параметрлерін тексеріңіз, себебі ақпаратыңыз үлкен топтың ішінде таратылуы мүмкін.

Әлеуметтік желі қызметін пайдалану шарттары осы қызметте ақпарат бөлісуге де қолданылады.

Сол қызметтің пайдалану шарттары мен құпиялық тәжірибесімен танысыңыз.