Nokia Lumia 520 - Хабарлар

background image

Хабарлар

Достарыңызбен байланыста болып, оларға мәтінді немесе мультимедиа хабарларын жіберіңіз

немесе сөйлесуді бастаңыз.

© 2013 Nokia. Барлық құқықтары қорғалған.

53

background image

Хабарларды бастау экранынан тікелей ашуыңызға болады. Хабар алмасу опциясын түртіңіз.
Хабарлардың әр түрін жіберіп, қабылдауға болады:
• мәтінді хабарлар;
• Фотосуреттер сияқты белгілі бір қосымшаларды қамтитын мультимедиалық хабарлар
• Чат хабарлары
Сіз бен нақты контакт арасындағы хабарлар мен чаттар сөйлесулер түрінде реттеледі.
Контактімен хабарласу керек болғанда, телефоныңыз ең жақсы әдісті таңдауға көмектеседі. Егер

контакт чат қызметіне кірген болса, сөйлесуді бастауға болады. Болмаса, оның орнына мәтінді

хабар жіберуге болады.
Контактілер тобын жасаған болсаңыз (мысалы, жанұя немесе әріптестерді қамтитын), хабарды

тұтас топқа жіберуге болады.
Хабар алмасу параметрлерінде телефоныңызды хабарлардың сақтық көшірмесін SkyDrive

қоймасына жасауға орнатуға болады. Жаңа Windows Phone құрылғысына ауыссаңыз,

параметрлерді орнату кезінде хабарларды жаңа телефонға алуға болады.
Таңбалар саны бір хабарға қойылатын шектеуден асатын мәтін хабарларын жіберуіңізге болады.

Ұзынырақ хабарламалар екі немесе одан да көп хабарламалар түрінде жіберіледі. Қызмет

провайдеріңіз тиісті ақы алуы мүмкін. Екпінді таңбалар, басқа белгілер немесе кейбір тіл

опциялары көбірек орын алып, бір хабармен жіберуге болатын таңбалардың санын шектейді.
Қызметті қолдану немесе мазмұнды жүктеп алу үлкен мөлшерде деректердің тасымалдануына

апаруы мүмкін. Бұның нәтижесінде дерек трафигі үшін ақы алынуы мүмкін.