Nokia Lumia 520 - Exchange ActiveSync

background image

Exchange ActiveSync
Компьютер алдында отырсаңыз да немесе сапарда телефонда болсаңыз да жұмыс поштасы,

контактілер және күнтізбе қол астында болуын қалайсыз ба? Маңызды мазмұнды телефон мен

Microsoft Exchange сервері арасында синхрондауға болады.
Exchange ActiveSync протоколын тек компанияда Microsoft Exchange сервері бар болса ғана

орнатуға болады. Бұған қоса, компанияның әкімшісі тіркелгіңіз үшін Microsoft Exchange

ActiveSync протоколын белсендірген болуы керек.
Орнатуды бастамай тұрып мыналар бар екенін тексеріңіз:
• Қауымдық пошта мекенжайы
• Exchange сервер атауы (компанияның АТ бөліміне хабарласыңыз)
• Желінің домен атауы (компанияның АТ бөліміне хабарласыңыз)
• Кеңсе желісінің құпия сөзі
Exchange серверінің теңшеліміне байланысты орнату кезінде қосымша ақпаратты теру керек

болуы мүмкін. Дұрыс ақпаратты білмесеңіз, компанияның АТ бөліміне хабарласыңыз.
Орнату кезінде телефонның мазмұнды сервермен синхрондау жиілігін анықтауға болады.

Тіркелгіні орнату кезінде анықталған мазмұн ғана синхрондалады. Қосымша мазмұнды

синхрондау үшін Exchange ActiveSync тіркелгісінің параметрлерін өзгертіңіз.
Exchange ActiveSync протоколында құлыптау кодын пайдалану міндетті болуы мүмкін.