Nokia Lumia 520 - Хат оқу

background image

Хат оқу
Маңызды жаңалықты күтудесіз бе? Пошталарды тек үстелде болғанда тексерудің орнына,

оларды оқу үшін телефонды пайдаланыңыз.
Бастау экранында жаңа хат келгенде көруге болады.
1. Бастау экранында опциясын түртіңіз.

2. Пошта жәшігінде хатты түртіңіз. Оқылмаған хат басқа түспен белгіленеді.

Кеңес: Үлкейту не кішірейту үшін, екі саусақты экранға қойып, біріктіріңіз немесе бір-бірінен

ажыратыңыз.

Кеңес: Егер хатта веб-мекенжай болса, веб-торапқа өту үшін оны түртіңіз.

Сөйлесудегі хатты оқу

Пошта жәшігінде хатты қамтитын сөйлесуді және хатты түртіңіз. Оқылмаған хат бар сөйлесу

басқа түспен белгіленеді.
Қосымшаны сақтау

Хат ашық тұрғанда, фотосурет сияқты қосымшаны түртіңіз, сонда ол телефонға жүктеп алынады.

Қосымшаны қайта түртіп,

> телефонға сақтау опциясын түртіңіз. Барлық файл пішімдері

сақтала бермейді.